Ағымдағы жылдың 23 ақпанынан 22 наурызына дейін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу айлығы аясында мектебіміздің 2-11 сынып оқушылары “Туберкулёздың алдын алу” тақырыбында диктант жазды.
Айлықты өткізудің мақсаты: туберкулездің иммунопрофилактикасы бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерінің ерте диагностика бойынша сақтығын арттыру, профилактикалық іс-шараларды және туберкулездің алғашқы белгілері туралы халықтың ақпараттануын, медициналық көмекке уақтылы жүгіну маңызын, емдеудің тиімділігін арттыру.
#біртұтастәрбие #қоббтәрбие

