Skip to content

🌹“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Шабыт” жобасы аясында мектебіміздің 3–4…

🌹“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Шабыт” жобасы аясында мектебіміздің 3–4 сынып қыздары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында “Мен – қазақтың қызымын” атты қыз сыны байқауы өткізілді.
🌷Байқаудың негізгі мақсаты – қыз балалардың бойындағы әдептілік, инабаттылық, өнерпаздық, тапқырлық қасиеттерін таныту және қазақ қызына тән ұлттық тәрбиені дәріптеу.

🌸Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетті, ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап берді және этностильдегі киімдерін таныстырды. Әр кезеңде қыздардың сахна мәдениеті, сөйлеу мәнері, киім үлгісі мен шығармашылық қабілеттері бағаланды.
🌺Байқау нәтижесінде қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара жас ұрпақтың ұлттық рухын нығайтып, қазақ қызына тән көркем мінез бен ізеттілікті дәріптеуге бағытталды.
#адалазамат #балқашқаласыбілімбөлімі #қообтәрбие