Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы “SMART BALA” инновациялық жоба жоспарына сәйкес 7 сыныптарда «Қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған инновациялық STARTUP» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты — экологиялық мәселелерді анықтау, оларды шешуге бағытталған стартап идеяларын әзірлеу және инновациялық ойлау дағдыларын дамыту. Қатысушылар топтық талқылау арқылы өз аймақтарындағы экологиялық проблемаларды талдап, оларды шешуге арналған тиімді идеялар ұсынды.
Практикалық бөлімде оқушылар LEGO Mindstorms көмегімен экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған шағын техникалық модельдер құруға тырысты. Тренинг нәтижесінде қатысушылар технологияларды қоршаған ортаны жақсартуда қолдану мүмкіндіктерін түсініп, өз идеяларын жүзеге асыруға ынталанды.
#адал_азамат #біртұтастәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие


