Skip to content

Тәрбие жұмысы

18.04. күні  Балқаш қалалық УИП ОМПС ОП лейтенанттары Куленов Б.Н мен Нурсеитов А.Н. мектептің 8-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді. Іс-шара барысында «Жасөспірім» жедел алдын алу шаралары туралы түсінік беріп,оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, құқықтарды қорғауға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістер, қылмыстық жауапкершіліктің басталу жасы, есірткі құралдарын тұтынудың денсаулыққа зиянды әсері туралы, сондай-ақ қылмыстың құрбанына айналмау ,ҚР ҚК 15-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасы 16 жастан, алайда жекелеген ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін 14 жастан басталатыны,
жасалған құқық бұзушылықтар қылмыстық жауапкершілікке тарту салдары туралы білмейтін жасөспірімнің өмірін түбегейлі өзгертіп, оның алдағы ересек мансабына теріс әсер ететіндіктен, заң талаптарын сақтауға және басқаларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасамауға кеңес берді.