🇰🇿Достық пен татулықты ту еткен Қазақстан халқы қашанда түрлі ұлт өкілдеріне әрдәйым құшағын аша білген. Қазақ даласындай көңілі дархан, пейілі кең болғандықтан, ешбір ұлтты алаламай, қазақ ұлтынан кем көрмеген. Ырыс төгетін ынтымақтың кілті –ауызбіршілікте екені белгілі. Бір үйдің адамдарындай араласып – құраласып, үйлесім таба білген халықтар жарасымдылығына не жетсін. Ұлт аралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсіресе Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілі топтасқан, демократиялық жолмен дамып келе жатқан еліміз үшін өте қажет. Бұл бағытта еліміз егемендік алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекші.
#ұлтаралықдостық #бірлікынтымақ
