“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында оқушыға кітап оқуды насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектебімізде “Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет” буккроссинг акциясы ұйымдастырылып тұрады. Акцияның негізгі идеясы- өзара кітаппен алмасу. Осыған орай оқушыларымыздың ата-аналары да белсене қатысып, бір бірімен кітап алмасып, оқыған кітаптары жайлы ойларымен бөлісіп демалыс уақытын тиімді өткізуде. Атап айтқанда: Абдықалықова Айман, Мамашева Арай, Тойшыбекова Гаухар, Рахимова Венера. “Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет” қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың біріне ата-аналарымыздың да өз үлестерін қосулары қуантады. Кез келген адам, әр түрлі жастағы оқырман кітап оқып, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру қажет.
#біртұтастәрбие
#қообтәрбие  #оқуғақұштармектеп
