2025 жылғы 1-12 маусым аралығында “Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн” атты ұлттық ақпараттық науқан барысында “Бала құқығы-адам құқығы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазіргі уақытта балалар құқығын қорғау – өзекті және маңызды тақырыптың бірі. Бала – болашақ қоғам. Олардың қауіпсіздігі, игілігі мен мүмкіндіктері тұрақтылық пен үйлесімділік құрудағы негізгі компоненттер. Болып жатқан соңғы оқиғаларда бүлдіршіндердің әртүрлі зорлыққа ұшырауы, қараусыз қалуы қоғамда резонанс тудырды. Тудыруы керек те. Өйткені, бала құқығы мен оны қорғау жайлы түсінік қоғам мүшесінде бәрінде бірдей қалыптаса қоймады. Бұл мақалада балалардың өсуі мен дамуы үшін қауіпсіз және қолдау ортасын құрудағы қоғамның, биліктің, әрбір жеке тұлғаның рөліне тоқталып, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудағы негізгі аспектілерді қарастырдық.
#ҰАН2025_09 #НИК2025_09



