Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай кітапханада "Ер есімі-ел есінде" тақырыбында көрме ұйымдастырылып, 6 «А» сынып оқушыларына Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, оның ішінде соғыс ардагері Көкейұлы Мұхтар атаның өмірбаяны айтылып, ұлы Сайлаубек ағаның мектеп кітапханасына сыйлаған "Өмір-өткел" кітабы таныстырылды.Оқушылар "Ұлы Жеңіс!", "Қабыл болған тілек" өлеңдерін оқыды. Ардагерлердің ерен еңбектері жайлы айтылып, суреттері мен ерліктері үшін алған марапаттары көрсетілді.Жерлес аталарымыздың ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашақ ұрпаққа қайрат, рух береді деп сенеміз. "Ер есімі- ел есінде" демекші, бізге бақытты өмір сыйлаған аталарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.
#Біртұтас_тәрбие
#ұлыжеңіске80жыл

