11 мамыр – Аналар күніне арналған “Анаға тағзым-Анаға құрмет” челленджін даярлық сынып бүлдіршіндері қолдайды.
💐Бүгін – Аналар күні
Үкімет қаулысымен елімізде мамырдың екінші жексенбісі Аналар күні болып белгіленді.
Бар әлемді құшағына сыйдырған, отбасы тірегі, бақыттың тұтқасы – асыл аналарға тағзым!
Құрметті аналар!
Сіздерді көктемнің шуағындай мейірім мен махаббатқа толы Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің төзімдеріңіз, шексіз махаббаттарыңыз бен даналықтарыңыз – барша адамзаттың шамшырағы.
Әр күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа, балаларыңыздың жетістігі мен сүйіспеншілігіне толы болсын!
Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ болсын!
#біртұтастәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі
