Skip to content

АЭС салу істен шыққан қуаттарды ауыстырудың перспективалы шешімі Энергетика және…

АЭС салу істен шыққан қуаттарды ауыстырудың перспективалы шешімі

Энергетика және экология тұрғысынан АЭС парниктік газдардың нөлдік шығындары мен электр генерациясының тұрақты негізгі көзі болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов мәлімдеді.
«Болжамды тапшылықты сондай-ақ электр энергиясын тұтынудың өсуін ескере отырып, Қазақстан электр энергиясын өндірудің проблемалық мәселелерін неғұрлым перспективалы шешімдермен қамтамасыз ету мақсатында жаңа базалық қуаттарды енгізуді қажет етеді. Әлемдік күн тәртібінде көміртектік бейтараптықты назарға ала отырып, халықаралық қаржы институттарының көмір электростанцияларын салуға инвестициялардан бас тартуына байланысты көмір генерациясын базалық ретінде енгізу мүмкіндіктері шектеулі. Сонымен қатар, газ генерациясын ауқымды енгізу елдегі газ ресурстарының шектеулі болуына байланысты мүмкін емес. Жаңартылатын энергия көздері, табиғи климаттық факторға тікелей тәуелді және барлық артықшылықтарға қарамастан жұмыстың болжанбауы туралы тұрақты және базалық генерация көзі бола алмайды», – деді департамент директоры.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *