Ең ауқымды халықаралық экологиялық акция жыл сайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен наурыз айының соңғы сенбілерінің бірінде жергілікті уақытпен сағат 20.30-дан 21.30-ға дейін бүкіл әлемде өткізіледі. Биыл қоршаған ортаға, планетаға, климат өзгерісіне бір сәт көңіл бөлуді мақсат ететін акция 26 наурызға белгіленген. Осы күні әлем жұртшылығы 1 сағат электр қуатынан бас тартып, экология мәселесіне назар салады.
Бұл экоакцияның мақсаты – бүкіл әлем қауымдастығың назарын планетамыздағы климат өзгеруі проблемасына аудару. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешуде бірлескен іс-қимыл қажет екенін білдіру, адамдарды ортақ идеяға жұмылдыру.Осы «Жер сағаты» экологиялық акциясын мектебіміз де қолдады.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@g.kozhakhmetoova
@umckrg
#қоббтәрбие

