Мектеп кітапханасында " 5 қыркүйек- Тілдер күніне" орай және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, "Ұлттың ұлы ұстазы" атты ана тілін жан- тәнімен сүйген қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты көрме ұйымдастырылып, кітапханалық сабақ өтті. Мақсаты: Тіл- әр халықтың ғасырлар бойы даму тарихында ұрпақтан- ұрпаққа жалғап келе жатқан рухани байлығы екендігін түсіндіру. А.Байтұрсыновтың өмір жолы, шығармашылық жолы туралы мәліметтер беру.
#ҚОББтәрбие
#balqash_bilim_bolimi
#балаларжылы09






