“Саяқ кенті N6 жалпы білім беретін мектебі” КММ-сінде 28қазан күні “Өнегелі өмір” жобасы аясында кентіміздің азаматы,Саяқ кенішінің басшысы Өмірбеков Қуанышбек Бақытбекұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің 9-сынып оқушылары қатысып, өздері дайындап келген сұрақтарын қойып,сұхбат алды.Қуанышбек Бақытбекұлы балалық шақтың қызықтары,мамандық таңдау,өмірлік ұстаным,жұмыс барысы жайлы ой бөлісті. Мектеп әкімшілігі қонаққа алғысын білдіріп,осындай өнегелі кездесулер оқушыға мамандық таңдауға бағыт болатынын атап өтті.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @umckrg #қоббтәрбие #балаларжылы09 #өнегеліөміржобасы




