Skip to content

Мектебіміздің 8–9 сынып оқушылары Саяқ кентінің ауруханасына кәсіптік бағдар беру…

Мектебіміздің 8–9 сынып оқушылары Саяқ кентінің ауруханасына кәсіптік бағдар беру мақсатында кәсіби сынамаға барды.
Дәрігер — адамдардың денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу және емдеу жұмыстарымен айналысатын маман. Бұл – аса жауапкершілік пен жоғары білімді талап ететін мамандықтардың бірі.
Қажетті қабілеттер мен қасиеттер:
• Жоғары жауапкершілік
• Мейірімділік, жанашырлық
• Зейінділік, төзімділік
• Биология мен химияға қызығушылық
Бұл кәсіби сынама оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру және олардың қабілеттерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Оқушылар белсенділік танытып, болашақ мамандық туралы мағлұматтар алды.
#балқашқаласыбілімбөлімі
#біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *