Әр адам өзінің құқығын білуі тиіс. Құқықтық сауаттылық бар жерде дау-дамай да болмайды. Өйткені заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды құқықтық өмір салтына тәрбиелеу. Мұндай құқықтық тәрбие барысында заң үстемдігі де қалпына келері анық. Сондықтан әркім өз құқын қашанда талап ете білсе, бұл заңның да орындалғаны. Ал заңның әділ үстемдік құруы қоғам үшін аса маңызды. Қарашаның 10 күні Саяқ кентінің жалпы білім беретін №6 мектебінде «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі аясында бастауыш және 7-9 сыныптар арасында «Өз құқығыңды білесің бе?» атты сауалнама алынды. Мақсаты:оқушылардың құқықтық сауаттылығын анықтау.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @umckrg @g.kozhakhmetoova #қоббтәрбие #балаларжылы09 #сауалнама @g.kozhakhmetoova @uo.krg




