«Саяқ кентінің жалпы білім беретін №6 мектебі» КММ-де 16 қараша күні «Ақиқат» дебат клубының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылық пен қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында пікірталас турнирі өткізілді. Турнир АПФ форматында өткізіліп, «Жалын» және «Болашақ» командалары қатысты. Нәтижесінде жоғары ұпаймен «Болашақ» командасы жеңіске жетті.Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
@saryarkadaryny.kz @balqash_qalasy_bilim_bolimi @umckrg #дебатныйклуб #пікірсайысшылар #қоббтәрбие @uo.krg #балаларжылы09 @g.kozhakhmetoova


