Skip to content

Саяқ кенті №6 ЖББМ-де 14 желтоқсан күні Бірыңғай «Жас Ұлан»,…

Саяқ кенті №6 ЖББМ-де 14 желтоқсан күні Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына 4-сынып оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.Ант қабылдау рәсімі 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 31 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Биыл «Жас ұланның» құрылғанына 11 жыл. Жыл сайын олардың қатары артып келеді. Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі мектебімізде жылда аталып өтеді. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @umckrg #қоббтәрбие #балаларжылы09 #жасұланұйымы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *