Skip to content

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша бестік диктант Оқу сауаттылығы апталығының…

М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша бестік диктант

Оқу сауаттылығы апталығының жоспары аясында 7 ә сынып оқушылары М.Жұмабаевтың
«Батыр Баян» помасы бойынша бестік диктантын жазды.Пән мұғалімі оқушыларды бестік диктант
жүргізу әдістемесін диктант жүргізу барысында мұғалім мен оқушының іс-әрекетін түсіндіріп өтті.Оқушылар поэма мәтінін қазақ әдебиеті хрестоматиясынан пайдаланды. Мұғалім сұрақтарына оқушылар поэмадан жауап іздеп, тауып жазды. Диктант жазу барысында дәстүрлі диктанттағыдай оқушы естігенін ғана жазушы емес, диктант мәтінін ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы орнында болды. Бестік диктант жазу барысында оқушылардың еске сақтау қабілеттері жетіледі,қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін жаңа мақсатқа тиімді пайдалануға талпынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *