Skip to content

Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес 20.01.2023 күні 8 ”а” сынып…

Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес 20.01.2023 күні 8 ”а” сынып оқушылары өздерінің қызығушылықтарын арттырып «Буктрейлер» жасап шығарды. Кез келген еркін немесе көркем формадағы кітап туралы қысқа бейне баяндады. Бұл бейнематериалдардың мақсаты – көрген, оқыған кітаптарды жарнамалау және кинотрейлерлерге тән көрнекі құралдарды пайдалану, кітаптарға назар аудара отырып, оқуды насихаттау. Бейнелер заманауи кітаптарға да, әдеби классикаға айналған кітаптарға да түсіріледі. Буктрейлерінің басты міндеті – болашақ оқырманды қызықтыру және таң қалдыру, оқиға желісіне және көркем шығарманың кейіпкерлеріне назар аудару. Буктрейлер жасау кезінде бейнелерді, иллюстрацияларды, фотосуреттерді, кітап мұқабаларын пайдалануға болады. «Ертөстік» ертегісіне буктрейлер жасаған Рашидова Айзада, «Бақытсыз Жамал» романына буктрейлер жасаған Серік Толқын және Сарсенбинов Саламат.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @g.kozhakhmetoova #қоббтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *