Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда. "Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы" атты дене шынықтыру апталығының жоспарына сәйкес, 20.02.2023 күні «Баскетбол мергені» атты 5 – 7 сыныптар арасында cпорттық сайыс өткізілді. Сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарылып, жеңімпаз сыныптар марапатталды.
Мақсаты: Ойыншылардың денсаулығын нығайту. Баскетбол ойынын насихаттау, ойынға қызығушылықтарын арттыру. Баскетболдың техникасы мен тактикасын жетілдіру.




