⚜Бүгін наурыздың 17 күні сағат 12-де Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шаралар аясында республикамыздың мектептерінде домбырашылар челленджі өткізілді.Бұл челлендж еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін мереке атмосферасын құруға, өз еліне, өзінің Отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, білім алушылардың қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыратын кең ауқымды республикалық акция.
Мақсаты: домбыра арқылы қазақ халқының болмысын дәріптеу және мәдени мұрасын сақтауды насихаттау.
Аталмыш челленджге Саяқ кентінің №6 ЖББМ домбырашы оқушылары белсене қатысып, Ә.Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйін орындады.
#наурызмейрамыкуттыболсын
#Наурызмейрамы
#ҚОББтәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#наурызкүйі


