⚜"Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.
⚜Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында мектебімізде "НАУРЫЗҒА КӨРІК БЕРГЕН ҰЛТТЫҚ СӘН" тақырыбында ұлттық киімдер фестивалі өткізілді. Фестивальға даярлық топ тәрбиеленушілерінен бастап 11 сынып оқушыларына дейін қатысты.
⚜Мақсаты: Ұлттық киім түрлерін насихаттау. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру.
#наурызмейрамыкуттыболсын
#Наурызмейрамы
#ҚОББтәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
