Skip to content

📚Мектеп кітапханасында 23- сәуір Дүниежүзілік кітап күніне орай “Күш- білімде,…

📚Мектеп кітапханасында 23- сәуір Дүниежүзілік кітап күніне орай "Күш- білімде, білім-кітапта" атты 5-ші сыныппен викториналық сайыс сабақ өтті. Оқушылар "Балдырған" және "Ұландар" тобына бөлініп жарысты.
Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту. Ойлау қабілеттілігін,тапқырлықтарын шыңдау. Ойларын еркін жеткізуге үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс 4 кезеңмен өтті. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, мақалдардың жалғасын тауып, жұмбақтар шешті. Суреттерден ертегі кейіпкерлерін тауып, ертегінің аттарын айтты. Оқушылар белсене қатысып, сайыстың қызықты өтуіне атсалысты. 16 ұпаймен "Балдырған" тобы 1-ші орын, "Ұландар" тобы 2-ші орынды иеленді.
#қоббтәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *