Өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру, мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытқан өскелең ұрпақты ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесуді мақсат тұтқан «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында "Жарқыра, жас дарын" байқауы өтті. Байқауға қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға, көркемсөз өнеріне деген қызығушылығы басым дарынды оқушылар қатысты.Нәтижесінде 1-орын Сарсенбинов Саламат,2-орын Жакаева Жанел,3-орын Абилов Али марапатталды.
Оқушылардың өлеңге, көркемсөз оқуға деген құштарлығын, ынтасын байқаған, аудандық, облыстық байқауларға дайындап жүрген әріптестеріміздің шығармашылығының өркендей беруіне тілектеспіз.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @g.kozhakhmetoova

