1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған “Балалардың игілігі үшін”акциясы аясында туған өлке туралы ақындардың өлеңдерін жатқа оқу челленджі өткізілді.Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Туған өлкеміздің тарихын тану, туған жерге, елге деген құрмет ұғымының мәнін түсінуді мақсат тұтқан шараға оқушылар ерекше ықыласпен қатысты. Жас ұрпақты туған жер оның тарихы мен мәдениетін, табиғатын құрметтеп, патриоттық рух қалыптастыруға бағытталған шарада арнайы ұйымдастырылған «Туған жерге тағзым» атты челлендж арқылы балалар Отанымызға арналған жүрекжарды туындыларын оқып, ойларын ортаға салды.Челленджді 9ә сыныбына жолдады.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @g.kozhakhmetoova
