⚜️Ұлттық құндылық – ұрпақ тәрбиесінің негізі
Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқушылардың рухани-мәдени тәрбиесін нығайту мақсатында игі іс жүзеге асты. 2025-2026 оқу жылында 2”А” сынып (жетекшісі Жұмағұлова Р.Р.), 3”Ә” сынып (жетекшісі Абиласимова М. Н.), 4”А” сынып (жетекшісі Толеубаева С.Т.), 5”А” сынып (жетекшісі Көкеева Ф. К.), 5”Б” сынып (жетекшісі Кабдуахитова А.А.) ата-аналарыеың қолдауымен мектепке жарты киіз үй сыйға берілді.
⚜️Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін танытатын бұл ұлттық бұйым енді түрлі тәрбиелік іс-шараларда, ұлттық мерекелерде, ашық сабақтар мен мәдени кештерде кеңінен пайдаланылатын болады. Жарты киіз үй оқушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, ата-баба дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуге өз үлесін қосады.
⚜️Мектеп өміріне жанашырлық танытып, осындай құнды сый жасаған ата-аналар қауымына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлескен еңбектің арқасында білім ордамыздың материалдық-техникалық базасы ғана емес, ұлттық тәрбие кеңістігі де толыға түсуде.
Береке – бірлікте, тәрбие – ұлттық құндылықта!
#балқашқаласыбілімбөлімі #адалазаматбіртұтастәрбие
KZ



