Skip to content

Туған мектепке – тағылымды тарту Мектебіміздің көркеюіне өз үлестерін қосып…

Туған мектепке – тағылымды тарту
Мектебіміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген жанашыр ата-аналардың игі бастамалары жалғасуда.

2025-2026 оқу жылында 1 «А» сыныбының ата-аналарының қолдауымен, сынып жетекшісі Жанайдар Айсұлу Маратқызының ұйымдастыруымен мектеп ауласына бүркіт мүсіні орнатылды.
🦅Бүркіт – еркіндіктің, биік мақсаттың, қайсарлық пен елжандылықтың символы. Бұл сәулеттік туынды оқушыларға рухани серпін беріп, туған елін сүюге, биік белестерді бағындыруға жігерлендіретін тағылымды нышан болмақ.
Мектептің эстетикалық келбетін жақсартуға және білім ордасының дамуына үлес қосқан 1 «А» сыныбының ата-аналарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Осындай игі істердің көпке үлгі болып, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын одан әрі нығайта беретініне сенім мол.

Мектебіміздің гүлденуіне үлес қосқан барша ата-аналарға алғысымыз шексіз!👏🏻👏🏻👏🏻
#балқашқаласыбілімбөлімі #адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы