Оқушылардың спортпен шұғылдануына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында мектептің спорт залында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда қабырғаларды тегістеу, сылақ жұмыстарын жүргізу және ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды атқарылды.
Аталған жұмыстар Саяқ кентінің әкімі Нариман Бейсенғазыұлы Құдайберлиннің қолдауымен және мектептің белсенді ер азамат ата-аналарының көмегімен жүзеге асырылды.
🤝Мектебіміздің спорт залын жаңартуға қолдау көрсетіп, игі іске атсалысқан Саяқ кентінің әкімі Нариман Бейсенғазыұлы Құдайберлинге және белсенді ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлескен еңбектің нәтижесінде оқушылар үшін жайлы, қауіпсіз әрі заманауи спорттық орта қалыптасатынына сенімдіміз.
#балқашқаласыныңбілімбөлімі #адалазаматбіртұтастәрбие
#саяқкентіәкімдігі

KZ



