Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы– өте маңызды құжат. Ол шын мәнінде елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік даму векторын белгілеп, қоғамның барлық саласына әсер етеді. Былтырғы жолдау саяси реформаларға арналса, одан кейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтті. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам» Жолдауы. Осыны негізге ала отырып, мемлекет бірінші кезекте барлығына тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз етеді. Жаңа экономикалық саясат тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Балалар – жас ұрпақ, олардың білімі – біздің күшіміз. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – сөзсіз басымдықтарымыздың бірі. Жаңа президенттік жүйе саяси тұрақтылықты, қоғамдық құрылымның қазақстандық үлгісінің тұрақтылығын нығайтады деген сенімдеміз.

