Skip to content

“Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек…

"Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр. "Адал азаматқа" тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс. Ал, жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек".
Қасым-Жомарт Тоқаев.
2013 жылы Қазақстанда Еңбек күні белгіленген болатын. Оны қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтеді. Биыл осы мереке 24 қыркүйекке келіп тұр. Осы мерекеге орай 2023 жылдың 22-қыркүйегі күні мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары кентіміздегі Саяқ руднигінің бас геологы Ибраева Гауһар Манарбекқызымен кездесіп, геолог мамандығының қыр-сырымен танысып, мол мағлұмат алды.
#ҚОББтәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#еңбеккүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *