🔥 Балқаш қаласының мәдени-демалыс орталығы қала тұрғындары мен қонақтарының балаларына жарқын мерекелік көңіл күй сыйлады. Қалалық жағалауда «Жағалаудағы шаттық» атты балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Көл жағасына жиналған бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары қызықты ойындар мен көңілді байқауларға қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Әуен мен шат күлкіге толы мерекелік бағдарлама балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.
KZ


