Skip to content

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Балқаш қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру…

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Балқаш қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

🔹 Бүгін арнайы техниканың көмегімен қала аумағында жиналған ағаш бұтақтары, құрылыс қалдықтары және тұрмыстық сипаттағы ірі көлемді қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар, аулаішілік аумақтар мен ортақ пайдаланылатын орындар тазартылып, санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде қала аумағы ретке келтіріліп, тұрғындар үшін таза, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырылуда.Санитарлық тазалықты сақтау және қаланы абаттандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатын болады.

#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #Балқаш