ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАЗДА ЕҢБЕК ЕТУДЕ
Балқаштық жастар жазғы демалыста тынығып қана қоймай, алғашқы еңбек тәжірибесін жинап еңбек етуде. Қалалық Мансап орталығы жүзеге асырып отырған жұмыспен қамту бағдарламаларының аясында мектеп оқушылары мен студенттер жаңа дағдыларды меңгеріп, өз еңбектерімен табыс табуда.
Каникул кезінде жастар қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Олар қаланы абаттандыруға атсалысып, түрлі маусымдық жұмыстарды атқарып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосуда. Жұмысқа орналасу Мансап орталығы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жастарға ресми түрде еңбек етіп, жалақы алу мүмкіндігін береді.

KZ

