«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Балқаш қаласының аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Бүгін қала көшелері мен тұрғын үй аулаларында жиналған ағаш бұтақтары, жасыл қалдықтар арнайы техниканың көмегімен шығарылып, аумақтар тазартылуда. Сонымен қатар, тазалық жұмыстары барысында аулалар мен ортақ пайдаланылатын аумақтар ретке келтіріліп, қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылуда.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар қаланың көркін арттырып, тұрғындар үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыруға ықпал етуде. Қаланы көркейту және тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғасатын болады.
#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #Балқаш
KZ


