Skip to content

Бүгінгі күні егеменді еліміздегі қоғамның ең басты құндылығы – адам…

Бүгінгі күні егеменді еліміздегі қоғамның ең басты құндылығы – адам бостандығы. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заң. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті. Балаларды жәбірлеу,қатігездік,зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте түрлі іс-шаралар өтіліп түрады.Сондай іс-шаралардың бірі- «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік аясында өтілген сынып сағаттары.Мақсаты: білім алушаларға үлкендер мен құрбылар тарапынан көп кездесетін зорлық -зомбылық туралы және оның түрлері туралы мағлұмат беру, өзіңнен әлсіз адамға күш көрсету адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіру.
@umckrg #қоббтәрбие @balqash_qbb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *