⚜2023 жылдың 16- қарашасы күні мектебімізде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Даналық мектебі» клубының алғашқы жиналысы өтілді. «Өсиет» аталар клубы мен «Мейірім» әжелер клубы мүшелері «Даналық» ауылына саяхат жасап, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру мақсатында «Жарық», «Монтессори», «Марблс тастары», «Робототехника», «Құм терапиясы», «Құс жолы» әдістері арқылы «Бақыт», «Шаттық», «Береке», «Ынтымақ», «Ырыс», «Шеберлер» шаңырақтарының түрлі тапсырмаларын орындады. Жиын соңында аталар қамшы өруден, аналар жіп иіруден шеберлік сабағын көрсетті. Асыл әжелеріміз мектеп формасының ұлттық нақыштағы жаңа үлгісін ұсынды.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#umckrg
#ҚОББтәрбие
