«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шұбартүбек және Тораңғалық кенттерінде орналасқан демалыс бекеттерінде Балқаш қаласы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі А.С. Сметов және полиция бөлімінің орынбасары, полиция подполковнигі Б.А. Амангелдин аталған кенттердің әкімшілігі өкілдерімен бірлесіп мониторинг жүргізді.
Іс-шара барысында демалыс базаларындағы бейнебақылау камераларының болуы мен жұмыс жағдайы тексеріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#ЗаңМенТәртіп
KZ


