Skip to content

ФЕСТИВАЛЬ ТОЛҚЫНЫМЕН БІРГЕ Жарқын эмоция, көтеріңкі көңіл күй және қызықты…

ФЕСТИВАЛЬ ТОЛҚЫНЫМЕН БІРГЕ
Жарқын эмоция, көтеріңкі көңіл күй және қызықты бағдарламалар – мұның бәрі биылғы «Balkhash Tour Fest – 2026» фестивалінің ажырамас бөлігі болмақ. Биыл өңірдегі ең ірі туристік шараның жүргізушілері ретінде танымал шоумендер Айбат Ділмағанбет пен Франц Подвысоцкий көрерменмен қауышады. Олар екі күн бойы фестиваль қонақтарын түрлі байқаулармен, спорттық жарыстармен және концерттік бағдарламалармен таныстырып, мерекелік атмосфераны қалыптастырады. Сонымен қатар, фестивальге Балқаштан шыққан танымал тұлғалар да қатысып, туған қаласының басты туристік оқиғасына қолдау көрсетеді.