Елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты 30 қараша күні мектебіміздің медбикесі Тойшибекова К.Ш. оқушылардың қатысуымен дәріс өткізді.Оқушыларға қызылша, көкжөтел ауруларының белгілері мен даму кезеңдері туралы ақпарат берді. Қызылша -(корь) (morbilli)- жоғары қызба , терідегі бөртпе ,жалпы уландыру (интоксикация) белгілерімен қоса, жұтқыншақтың шырышты қабатының ,коньюнктиваның және тыныс алу жүйелерінің қабыну- зақымдалуымен көрінетін өте жұқпалы жедел вирусты инфекция.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#ҚОББтәрбие




