Skip to content

ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаздың өміріндегі…

ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаздың өміріндегі ерекше белес. Бұл сәттен бастап жас жауынгерлер Отанға адал қызмет етуге, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға серт береді. 03876 әскери бөлімінде жас сарбаздардың Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Мемлекеттік Әнұранның әуенімен 58 жас сарбаз Әскери анттың сөздерін салтанатты түрде айтып, өздерінің әскери борышын абыроймен орындауға, ел тәуелсіздігін қорғауға және әскери жарғы талаптарын қатаң сақтауға дайын екендіктерін растады. Олардың әрқайсысы үшін бұл күн жауапкершілікке, тәртіпке және Отанға адалдыққа негізделген жаңа өмір кезеңінің бастауын білдіреді.