Skip to content

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Балқаш қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз…

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Балқаш қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында гарнизондық таратылым өткізілді.

Іс-шараға Балқаш қалалық полиция бөлімінің, Полиция департаментінің жергілікті қызмет өкілдері мен Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қатысты. Таратылым барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер айқындалды.

#ЗаңМенТәртіп