М. Хамзин атындағы Мәдениет сарайында балқаштық музыкант әрі ұстаз Қайрат Науамбаевтың «Сырлы саз, әсем әуен» атты бенефис кеші өтті. Осылайша жерлесіміз өзінің 63 жас мерейтойын және зейнеткерлік демалысқа шығуын атап өтті.
🔹Үлкен залда жанды музыка әуені шырқалды. Концертке «Балқаш сазы» ардагерлер хорының вокалдық тобы, сондай-ақ Қ. Науамбаевтың «Жігер» ансамбліндегі жас тәрбиеленушілері қатысты. Кеш барысында қазақстандық және шетелдік композиторлардың классикалық және заманауи шығармалары орындалды. Мерейтой иесінің өзі гитара, мандолина және труба аспаптарында шебер өнер көрсетті.
🏷️Бүгінде талантты ұстаз жүздеген балқаштықты музыка әлемімен таныстырып, өнерге баулып келеді.
🎶Қайрат Науамбаевтың жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне қосқан үлесі жоғары бағаланып, мерекелік сахнада оған бірқатар алғыс хаттар табысталды.
KZ


