☀️ «Күншуақ» жазғы демалыс лагері – 5-күн
Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінде «Саяхатқа шығамыз» тақырыбында қызықты әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Күн балалардың көтеріңкі көңіл-күймен таңғы жаттығу жасауынан басталды. Табиғат аясында өткізілген сергіту жаттығулары балалардың денсаулығын нығайтып, белсенділігін арттырды.
Кейін балалармен бірге табиғат аясында пикник ұйымдастырылды. Таза ауада демалып, қызықты ойындар ойнап, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар табиғат аясындағы серуен барысында оқушылар қоршаған ортаның әсемдігін тамашалап, табиғатты аялау мен қорғаудың маңыздылығы туралы мағлұмат алды.
Балалар үшін бұл күн жарқын әсерлерге, қуанышқа және ұмытылмас сәттерге толы болды. Табиғат аясында өткізілген уақыт олардың демалысын қызықты әрі пайдалы ете түсті.
#КүншуақЛагері #ЖазғыДемалыс#біртұтас_тәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #адал_азамат
KZ

