Skip to content

Есірткіге қарсы күрес және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге…

Есірткіге қарсы күрес және есірткінің заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге арналған айлық аясында құқық қорғау органдары өкілі, учаскелік полиция инспекторы Бекболат Қазыбековичпен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – оқушылар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Іс-шара барысында Бекболат Қазыбекович есірткі мен психотроптық заттардың адам денсаулығына тигізетін зияны, олардың заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болып, бос уақыттарын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдануға шақырды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың өмірге деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті. Оқушылар кездесуден пайдалы ақпарат алып, өз денсаулығы мен болашағына саналы түрде қарау қажеттігін түсінді.