Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары бойынша қаңтардың 26 жұлдызында ағалар клубының «Ағасы бардың жағасы бар» тақырыбында жиналысы өтті.
Мақсаты: Ағалардың іні-қарындасы алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Жиналыс ойталқы,пікірталас түрінде өтті.Іс-шара барысында аға мен іні, аға мен қарындас арасындағы қарым-қатынас туралы, отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар , олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі,бала болашағындағы ағалардың рөлі туралы сөз қозғалды. «Бүгінгі аға бауырларына қалай қаморлық жасайды?», «Ағаның ақылы», «Жасөспірімге ағаның берер кеңесі» сияқты мәселелер мен жағдаяттарды шешу арқылы өз ой-пікірлерін білдірді. Екі топқа бөлініп ұстанымдарын қорғау үшін дәлелдер мен мысалдарды келтіре отырып, пікірталастырды. «Кім жақын?» тренингі өткізіліп, «Аға мектебінің» жұмысын оң жолға қою керектігі туралы тілектерімен іс-шара қорытындыланды.
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
#umckrg
#біртұтас_тәрбие









