Skip to content

🌈Құрметті балалар және ата-аналар! Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды…

🌈Құрметті балалар және ата-аналар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

🌺Балалық шақ – бақыт пен қуанышқа, арман мен үмітке толы ең ғажайып кезең. Әрбір баланың қауіпсіз ортада өсіп, сапалы білім алып, дені сау әрі бақытты болуы – баршамыздың ортақ міндетіміз.

🌼Саяқ кентінің авариялық-құтқару взводының қызметкерлері ретінде біз сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін әрдайым қызмет етеміз. Балалардың жүзінен күлкі кетпей, әр күні шаттыққа толы болуы үшін еңбек етуді өзіміздің басты борышымыз деп білеміз.
#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #1мамырбалалардықорғаукүні