Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара барысында оқушылар үшін түрлі қызықты ойындар, эстафеталар, танымдық тапсырмалар мен көңілді би бағдарламалары ұйымдастырылды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен белсенді қатысып, жазғы демалыстың алғашқы күнін ерекше әсермен бастады.
Мерекелік шара аясында бүлдіршіндер Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықталып, тәтті сыйлықтар таратылды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық мерекенің басты көрінісіне айналды.
Сонымен қатар, мерекелік бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен кәсіпкер Мэлс Аяжан Қадырқызына алғысымызды білдіреміз. Ол аниматорлардың сахналық киімдерін тегін ұсынып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға өз үлесін қосты.
«Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңының жұмысы алдағы уақытта да қызықты әрі мазмұнды іс-шаралармен жалғасатын болады.
✨ Балалардың жазғы демалысы көңілді, қауіпсіз және пайдалы өтсін! 🌞
#ЖазғыЛагерь #БалалардыҚорғауКүні #қоббтәрбие #balqash_qalasy_bilim_bolimi #адал_азамат
KZ

