Skip to content

🌈Балаларды қорғау күні — жыл сайын 1 маусымда атап өтілетін…

🌈Балаларды қорғау күні — жыл сайын 1 маусымда атап өтілетін халықаралық мереке. Бұл күннің басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың денсаулығы мен білім алуына жағдай жасау, бақытты балалық шақты қамтамасыз ету мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
🌸Балалар – еліміздің болашағы. Сондықтан әрбір бала сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, қауіпсіз ортада өмір сүруге және сапалы білім алуға құқылы. Балаларды қорғау күні – олардың құқықтарын құрметтеуге және қорғауға шақыратын маңызды мереке.