"Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ", – деп бекер айтпаған ғой. Адам қанша жасқа келсе де әкеге деген махаббат пен сағыныш көмескіленбейді екен. Осыған орай Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес 05.02.2024 күні 1-11 сыныптар арасында "Әке жолы – ізгі жол" атты әкелер айлығының салтанатты жиыны өтті. Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту. #қоббтәрбие #umckrg #біртұтас_тәрбие @balqash_qbb @umckrg
