Skip to content

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! Балқаш қаласында 500-ге жуық жас түлек алтын…

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Балқаш қаласында 500-ге жуық жас түлек алтын ұямен қоштасты. Олар үшін бүгін ерекше сәт болды. Қаланың барлық мектептерінде өткен салтанатты шарада 11- сынып бітірген оқушылар ересек өмірге қадам басты. Мектеп ауласында соңғы қоңырау үнімен қатар әсерлі әндер шырқалып, түлектер мен ұстаздар бір-біріне жылы лебіздерін арнап, ақ жол тіледі. Қуаныш пен сағыныш қатар өрбіген бұл күн – мектеп қабырғасындағы жарқын сәттердің көрінісі болды.
Айта кету керек, биылғы оқу жылы Балқаш қаласындағы 12 жалпы орта білім беретін мектеп үшін де тарихи кезең болды. Себебі аталған білім ордасы алғаш рет өз түлектерін үлкен өмірге шығарып салды. Қазіргі таңда мектепте 845 оқушы білім алса, биыл оның 46 түлегі мектеппен қоштасты. Салтанатты жиын барысында оқушылардың оқу, спорт және шығармашылық бағыттағы жетістіктері ерекше аталып өтіп, үздіктер марапатталды. Ұстаздар түлектерге сәттілік тілеп, олардың болашақта елге қызмет ететін білікті маман боларына сенім білдірді.